logo

Черчесовке үлгі алу керек: МЮ-дің жаңа бапкері ағылшын тілін білмегені үшін кешірім сұрады

Черчесовке үлгі алу керек: МЮ-дің жаңа бапкері ағылшын тілін білмегені үшін кешірім сұрады

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубына жаңа бас бапкер болып тағайындалған португалдық маман Рубен Аморим тіл білмегені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sport +.

Әлеуметтік желіде оның ағылшын журналисімен тіл тұрғысында болған диалогы тарап кетті.

Журналист Аморимнен ағылшынша сөйлеуін сұрайды. Португалдық маманның жүзінен ұялғанын аңғару қиын емес. Ол кешірім сұрап, алдағы уақытта міндетті түрде ағылшынша сөйлесуге уәде береді.

– Біз нені сағынып жүргенімізді білесіз бе?
– Нені?
– Сіздің керемет ағылшыншаңызды.
– Кешіріңіз…
– Сізден бір ауыз ағылшын тілінде жауап ала аламыз ба?
– Кешіріңіз, мен қазір ағылшынша сөйлей алмаймын.
– Не үшін?
– Кешіріңіз.

Португалдық маманның аудармашысы журналиске оның алдағы уақытта міндетті түрде ағылшын тілінде сөйлейтініне уәде берді.

Айта кетейік, дәл осыған ұқсас жайт Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің де басынан бір емес, екі рет өткен еді. Алайда, ресейлік маман қазақша сұрақ қойған журналистерге ұрысып, қазақ тілін мазақ қылды.