logo

Борис Цмилянич: «Пафос» — Кипрдегі ең үздік командалардың бірі

Борис Цмилянич: «Пафос» — Кипрдегі ең үздік командалардың бірі

Петропавлдық «Қызылжардың» бұрынғы шабуылшысы, қазіргі кезде Кипрдің «Кармиотисса» командасында ойнап жүрген Борис Цмилянич Sport+ сайтына УЕФА Конференциялар Лигасының жалпы кезеңіндегі «Пафос» — «Астана» матчына болжамын айтты.

«Мен „Астананың“ қазіргі кезде лигада өте жақсы ойнап, титул үшін күресіп жатқанын көріп отырмын. Сол себепті, бұл команда үшін сырт алаңдағы „Пафосқа“ қарсы матчқа күш жұмсау үшін ең қолайлы сәт болмауы мүмкін. Қазір „Пафос“ Кипрдегі бабы ең жақсы командалардың бірі, тіпті ең үздігі деп айтуға болады. Олардың құрамында жоғары деңгейде ойнаған көптеген легионерлер бар, және 18-20 жоғары сапалы футболшылардан құралған. Бұл матчты асыға күтемін, өйткені екі елдегі футбол деңгейін салыстырғым келеді», — деді Цмилянич.