logo

Чемпиондар Лигасының «Бавария» мен «Бенфика» арасындағы кездесуінде жанкүйер көз жұмды

Чемпиондар Лигасының «Бавария» мен «Бенфика» арасындағы кездесуінде жанкүйер көз жұмды

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында өткен мюнхендік «Бавария» мен лиссабондық «Бенфика» арасындағы матчта стадионда жанкүйер қайтыс болды, деп хабарлайды Sport+.

Клуб марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Финалдық ысқырықтан бір сағат өткен соң, жанкүйердің ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар алдық. «Бавария» жанкүйердің жақындарымен бірге қайғырады», — делінген ресми мәлімдемеде.

Матч кезінде жанкүйердің жағдайы нашарлап, оны реанимациялауға тырысқан болатын. Осы уақытта «Альянц Арена» стадионында тулар төмен түсіріліп, жанкүйерлер қолдауды тоқтатты.

Айта кетейік, «Бавария» Джамал Мусиала соққан голдың арқасында «Бенфиканы» 1:0 есебімен жеңді.