logo

Олжас Абраев Чемпиондар Лигасы аясындағы «Ференцварош» - «Митьюлланд» матчының делегаты болып тағайындалды

Олжас Абраев Чемпиондар Лигасы аясындағы «Ференцварош» - «Митьюлланд» матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар Лигасы іріктеуінің «Ференцварош» (Венгрия) және «Митьюлланд» (Дания) арасындағы жауапты ойынға делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч 13 тамызда Будапешттегі «Групама Арена» стадионында өтеді.

Бұл матчтағы төрешілер бригадасы Израильден болады, бас төреші – Орил Гринфелд.

Осы командалар арасындағы алғашқы матч «Митьюлландтың» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Ференцварошты» 2022-2023 жылдар маусымында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырған болатын. Оның басшылығымен «жасыл қырандар» екі рет чемпионаттың алтын медалін және Венгрия кубогын жеңіп алды.



Күн шежіресі