logo

Чемпионаттың қапталдағы үздік футболшыларының бірі Қазақстанға оралды

Чемпионаттың қапталдағы үздік футболшыларының бірі Қазақстанға оралды

Петропавлдық «Қызылжар» командаға украиналық футболшы Юрий Бушманды қайтарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бушман 2023 жылғы маусым аяқталғаннан кейін «Қызылжар» сапынан кеткен болатын, алайда украиналықтың орнын басуға келген сербиялық қорғаушы Митар Чукович бас бапкер Али Алиевтің көңілінен шықпаған секілді.

Чукович команда сапынан кетіп, оның орнына «Қызылжарға» Бушман қайта қосылды.

33-жасар Бушман «Қызылжар» сапында үш маусым өнер көрсетіп, барлығы 85 ойын өткізіп, 12 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.