logo

Чемпионат ақтық мәресіне жетті. «Астана» — «Шахтер» тікелей эфирі

Чемпионат ақтық мәресіне жетті. «Астана» — «Шахтер» тікелей эфирі

Құрама командалардың матчтарына үзілістен кейін қазақстандық стадиондардың алаңдарына OLIMPBET QFL Қазақстан чемпионаты қайта оралады.

Бүгін екі апта бұрын өтуге тиіс «Астана» — «Шахтер» матчы жоспарланған. Бұл ойын ұлттық құраманың мүддесі үшін 16 қазанға ауыстырылды.

Астаналықтар бұл ойынға қысқартылған құрамда дайындалды, өйткені клуб құрамынан Қазақстан, Литва, Беларусь құрамаларына футболшылар шақырылды. «Шахтер» жастар құрамасына шақырылған Айбар Абдулла мен Абылайхан Назымхановты қоспағанда, «Астанаға» жоспар бойынша дайындала алады.

Қарағандылықтарға Премьер-лигада өз орнын сақтап қалуға математикалық мүмкіндік бола тұра ұпай жинау керек. Григорий Бабаянның шәкірттері де чемпиондық үшін қызу күрес жүргізуде, сондықтан олар да ұпай жоғалтуды жоспарламайды.

Алматыда өтетін матч сағат 18:00–де басталады. Тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.

Сондай-ақ, 17:25–те матч алдындағы студияны көруге болады.



Күн шежіресі