logo

Бүгін «Астана» «Челси» ойыны өтеді

Бүгін «Астана» «Челси» ойыны өтеді

Бүгін УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында қазақстандық «Астана» Алматыда Англияның «Челси» командасын қабылдайды. Кездесу қазақстандық уақытпен 20:20-де басталады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Аталған ойында германиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Бас төреші — Свен Яблонски. Оған отандастары — Лассе Кословски мен Марко Ахмюллер.

Бұл ойынға англиялық клуб негізінен жастар құрамын алып келетінін хабарлады. 

Қазірге дейін төрт турда «Астананың» еншісінде 4 ұпай бар. Турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал «Челси» төрт ойынның барлығында жеңіске жетіп, 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

«Астана» өз алаңында сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» (1:0) командасын жеңсе, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» (0:2), кипрлік «Пафос» (0:1) клубтарына есе жіберді. 

Жалпы кезеңнің төрт турында бельгиялық «Гент» (4:2), грекиялық «Панатинаикос» (4:1), армениялық «Ноа» (8:0) және германиялық «Хайденхайм» (2:0) клубтарын қапы қалдырды.

Айта кетсек, Конференция лигасының плей-офф сатысына жалпы кезеңнің үздік 24 командасы жолдама алады.