logo

Борут Семлер: Словения жеке шеберлігі жағынан Қазақстаннан жоғары

Борут Семлер: Словения жеке шеберлігі жағынан Қазақстаннан жоғары

Қазақстандық «Қайсар», «Ақжайық», «Шахтер» және «Спартак» (Семей) клубтарында ойнаған словениялық футболшы Борут Семлер Sport Plus Qazaqstan сайтына Словения мен Қазақстан арасындағы Ұлттар лигасы матчының болжамымен бөлісті.

- Менің ойымша, Словения өз алаңында жеңіске жетеді. Олар физикалық бабы жақсы. Қазақстан да айтарлықтай дамып, жақсы ойын көрсетіп жүр. Алайда, Словения өз алаңында өте мықты және ойыншылардың жеке шеберлігі жағынан Қазақстаннан жоғары. Дегенмен, Қазақстанға сәттілік тілеймін, онда көптеген таныстарым ойнайды, сол себепті ойындарын бақылап жүремін. Бірақ бұл ойында Словенияны қолдаймын (күледі). Дегенмен, егер Қазақстан жақсы дайындалса, жеңіске жетуі мүмкін, бірақ бұл оңай болмайтына аңық, - деді Семлер.

Ұлттар лигасы аясында Словения — Қазақстан матчы 9 қыркүйек сағат 23:45–те басталады.



Күн шежіресі