«Қайсар» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшартты ұзартты

«Қайсар» 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Айбар Жасылықовпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін Айбар Жақсылықов «Жетісу», «Тобыл» және «Ордабасы» клубтарында ойнаған. Өткен маусымда қызылордалық команда сапында шабуылшы 23 матчта 7 гол соқты.
Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында футболшы 116 ойын өткізіп, 27 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.