Белгілі инсайдер Сәтпаевтың ерекше қасиеттері туралы айтты

Танымал инсайдер Фабрицио Романо ағылшындық «Челси» футбол клубының алматылық «Қайраттан» ауысқан жас қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа қол қоюы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport+ kazfootball.kz сілтеме жасап.
«Челси» әрдайым болашақ таланттармен жұмыс істейді! Олар 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевты қол қойғызғаннан кейін, оның ерекше қисиеттері бар екеніне сенімді», — деді Романо өзінің YouTube-арнасында.
Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев «Челсиге» 18 жасқа толғанда қосылады. Әзірше ол Қазақстан чемпионатында «Қайрат» сапында ойнайды.