logo

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда ширек финалда кездеседі

Қазақстандықтар, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Б.Жұқаев екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды жолдан тайдырды.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бейбіт қарсыласын 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Ол 8 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Кипсон 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды - 7:6 (10:8), 6:0.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Нава 7 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.



Күн шежіресі