logo

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде керемет камбэк жасады

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде керемет камбэк жасады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Оейраш (Португалия) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясының жеке разрядтағы турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші австриялық теннисші Лукас Ноймайермен кортта кездесіп, үш сетте 3:6, 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын екі сағат жеті минутқа созылды және 1/16 финал кезеңінде өтті.

Ойын барысында Евсеев төрт рет тікелей ұпай жасап, бір қос қателік жіберді. Сондай-ақ, Денис қатарынан тоғыз ұпай және тоғыз гейм ұтты.

Айта кетейік, 30 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP рейтингінде 177, ал Ноймайер 211-ші орында келе жатыр.



Күн шежіресі