Бейбіт Жұқаев Астанадағы ATP Challenger 50 турнирінде «қазақстандық дербиде» жеңіске жетті

Бейбіт Жұқаев Астанадағы ATP Challenger 50 турнирінде «қазақстандық дербиде» жеңіске жетті

Астанада дәстүрлі «Президент Кубогы» аясында өтіп жатқан ATP Challenger 50 санатындағы халықаралық турнирдің негізгі кезеңі басталды. Жарыс Ұлттық теннис орталығы Beeline Arena корттарында өтуде.

Бірінші айналымның басты кездесулерінің бірінде Қазақстанның екі өкілі — ұйымдастырушылардан wild card алған Әмір Омарханов пен жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін жарыстарға қайта оралған Бейбіт Жұқаев өзара кездесті.

1 сағат 25 минутқа созылған матч Жұқаевтың екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:4, 6:4. Кездесу барысында Бейбіт бес эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Омарханов төрт рет допты ойынға тікелей ұпаймен қосып, тоғыз қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Екінші айналымда Жұқаев ATP рейтингінде 299-орында тұрған Түркия өкілі Мерт Алкаямен кездеседі. Матч 12 тамызда өтеді.

Турнирдегі алғашқы кездесуін қазақстандық Зангар Нұрланұлы да өткізді. Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 326-орында тұрған Қытай өкілі Фацзин Суньмен сынға түсті. Алғашқы сетте жеңілген қазақстандық теннисші екінші партияда есепті теңестіргенімен, шешуші сетте қарсыласы басым түсті — 6:2, 3:6, 6:2.

12 тамызда Қазақстан өкілдері жұптық сында да жарысты жалғастырады. Әмір Омарханов Даниял Рахметуллаевпен бірге өнер көрсетсе, Григорий Ломакин Петр Бар-Бирюковпен жұп құрады.
Астанадағы ATP Challenger 50 турнирі 16 тамызға дейін жалғасады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі