logo

Бейбіт Қорғанов жұбаныш белдесуде жеңілді

Бейбіт Қорғанов жұбаныш белдесуде жеңілді

Грек-рим күресінен Қазақстан балуаны Бейбіт Қорғанов Тиранадағы (Албания) жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңілді, деп хабарлайды Sport+.

97 келіде өнер көрсететін Қорғанов Германия балуаны Антон Вьювегке мерзімінен бұрын (0:9) жеңіліп, дүниежүзілік додадағы жарыс жолын аяқтады.

Бүгін Әлем біріншілігінің екінші күні өтуде.



Күн шежіресі