logo

Юрий Мельниченко ұлттық құраманың жоспарларын айтты

Юрий Мельниченко ұлттық құраманың жоспарларын айтты

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко Olympic.kz сайтына берген сұхбатта классиктердің алдағы жоспарын баяндады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Маусымның аяқталуына да аз уақыт қалды. Осы аралықта бізді тағы да ірі жарыс күтіп тұр. 28-31 қазан күндері Албанияның Тирана қаласында Олимпиада бағдарламасына енбейтін салмақ дәрежелерінде әлем чемпионаты өтеді. Қазір сол додаға дайындық бірінші  орынға шықты. Олимпиадаға қатыспаған балуандар өз мүмкіндіктерін сынап көреді.

Әзірге, чемпионатқа баратын команда тізімі  толық жасақталған жоқ. Қазақстан чемпионатында үздіктер қатарына енген балуандарға басымдық беріледі. Одан бөлек, халықаралық және әлемдік турнирлерде көзге түскен жігіттер де назардан тыс қалмайды. Егер қажет боп жатса, кейбір салмақтардағы мықты балуанды анықтау үшін өзара бақылау жекпе-жектерін де өткіземіз. 

Ал Олимпиадаға қатысқан балуандарға қойылатын басты талап – қалпына келу. Кез-келген балуанда жарақат бары рас.  Жарақаттарын емдеп, психологиялық тұрғыдан қалыпқа келуі керек. Егер балуандарымызға тағы да уақыт керек болса, оған да келісеміз, - деді бапкер.