Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Ислам Евлоев Понтеведрада (Испания) U20 әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Евлоев Түркиялық қарсылас Альперен Бербермен кездесті.
Қазақстандық жекпе-жекті сенімді өткізді. Ол басым болып, 9-3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан командасының активінде бес марапат бар, бұған дейін Юсуф Ашрапов (67 келіге дейін) екінші орын алған болатын. «Қола» жүлдесін Айбек Айтбеков (55 кг дейін) иеленсе, Оңдасын Хамитов (60 кг дейін) пен Темірлан Тұрдақын (87 кг дейін) да осындай нәтижеге қол жеткізді.