Олег Болякин «Ақ Барысқа» қарсы ойыннан кейін: Буллиттер сериясында шамалы жетпеді, бірақ алған бір ұпай біз үшін қымбат
«Барыс» ХК бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин «Ақ Барысқа» қарсы ойыннан кейін сұқбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Командаға алғыс айтқым келеді - олар қысқартылған құрамда, үш буында ойнады. Шутовқа үлкен жүктеме түсті, ол көмектесті, команданы ойында ұстады. Балаларға жұмыс үшін үлкен алғыс айтамын, жұмысты жанқиярлықпен атқардық. Буллиттерге қатысты – шамалы жетпеді, бірақ бізге алған бір ұпай - қымбат. Команда құрылып, алға жылжуда - біз көргіміз келетін ойын үлгісі осы матчта болды. Айдыннан куылған бес ойыншы? Әрине, көп. Ойыннан кейін ештеңе айта алмаймын, шешімді қабылдаған төрешілер бар. Ойынды қайта көрейік, балаларға ескертулер жасаймыз. Біз оларға ескерткенімізбен, бұған дейін бірнеше рет алаңнан қуылып, осыған байланысты матчтарда жеңіліп қалдық. Біз қарсыласқа ойын тізгінін беріп қоямыз, біреу ойнайды, біреу ойнамайды, сол себепті кейбір ойыншыларға жүктеме үлкен түсуде. Дұрыс сұрақ, біз оған жауап іздейміз. Шутовтың ойыны? Бүкіл команда шайқасты, барлық балалар жақсы шайқасты, аз құрамда жақсы ойнадық. Андрей жарап тұр, сондықтанда ойнау керек. Ол өсіп келеді, менің ойымша, бұл ойын оған сенімділік береді. Хенкельдің ойыны? Мен әрқашан жақсы актив алдық деген пікірдемін, себебі бізге осындай деңгейдегі қорғаушы қажет болды. Біз Хенкельді бұрыннан білеміз, бақылап отырдық, оны алмастырып алу мүмкіндігі пайда болған кезде бұл әрекетті қуана жасадық. Оның ойыны мен жұмысқа деген көзқарасы бізді толығымен қанағаттандырады, - деді Болякин.