logo

Басктар тағы бір сенсация жасай ала ма? Испания кубогы финалындағы «Реал» - «Баскония» матчының тікелей эфирі

Басктар тағы бір сенсация жасай ала ма? Испания кубогы финалындағы «Реал» - «Баскония» матчының тікелей эфирі

22 ақпанда баскетболдан Испания кубогының финалы өтеді. Онда мадридтік «Реал Мадрид» пен «Баскония» кездеседі.

«Реал» жартылай финалда «Валенсия» командасын жеңіп, қатарынан үшінші рет Кубоктың финалына шықты. Алайда өткен жылы мадридтіктер трофейсіз қалып, Уникаха клубына есе жіберген еді.

Дегенмен дәл мадридтік клуб Кубокты ең көп жеңіп алған команда болып саналады — «Реал» бұл турнирде 29 рет топ жарған.

«Басконияның» еншісінде 6 Кубок бар, соңғы жеңісі 2009 жылда тіркелген. Айта кетерлігі, баскылықтар жартылай финалда «Барселона» клубын сенсациялық түрде жеңіп, қорғаныста сенімді ойын көрсетті.

Матчтың басталуы — 23:00. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі