«Астана» WASL лигасында реванш алуға үмітті. «Астана» — «Шахрдари Горган» матчының тікелей эфирі
«Шахрдари Горган» 2025/26 маусымындағы ФИБА Батыс Азия Супер лигасының топтық кезеңіндегі өнерін жалғастыруда. Қазақстандық команданың кезекті қарсыласы ирандық «Шахрдари Горган» клубы болады.
Кездесу 30 қаңтар күні сағат 19:30–да Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Алғашында матч 15 қаңтарға жоспарланған болатын, алайда ФИБА шешімімен ойын жаңа күнге ауыстырылды.
Алдағы ойынға қос команда да 3–1 көрсеткішімен келіп, топтағы көшбасшы орындар үшін талас жүргізіп жатыр. Алдыңғы кездесулерінде «Астана» өз алаңында сириялық «Аль-Вахда» клубын сенімді түрде жеңсе, «Шахрдари Горган» турнирдегі әзірге жалғыз жеңілісін WASL-дың қазіргі чемпионы — ливандық «Аль-Риядиге» қарсы өз алаңындағы матчта тіркеді.
Айта кетейік, WASL-дың осы маусымындағы «Астананың» жалғыз жеңілісін де дәл осы «Шахрдари Горган» командасы салған. Ол кездесу 13 қараша күні Тегеранда өтіп, қазақстандық клуб ирандық командаға сырт алаңда жол берген еді. Осылайша, Астанада өтетін алдағы матч принципті сипатқа ие болып, елордалық ұжым үшін реванш алуға мүмкіндік болмақ.
«Астана» — «Шахрдари Горган» матчы 30 қаңтар күні Астанада өтеді. Тікелей трансляция Sport+Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.