«Астана» «Тобылды» екі рет жеңді
Батыс Азия лигасы аясында ирандық «Шахрдари Горганға» қарсы өтетін маңызды матч алдында «Астана» баскетбол клубы Ұлттық лигада «Тобылға» қарсы екі күнтізбелік кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Цвиркидің шәкірттері Қостанайға фаворит мәртебесінде келіп, бұл үмітті екі ойында да ақтады.
Алғашқы матч 119:64 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында 18 ұпай жинаған Асқар Майдекин, сондай-ақ 16 ұпайдан еншілеген Руслан Айтқали мен Рустам Мұрзағалиев үздік болды.
Екінші ойында «Астана» азырақ ұпай салғанымен, тағы да жеңіске жетті — 88:73. Робер Пан 25 ұпай жинаса, Эрик Дэйдің еншісінде 16 ұпай бар.
«Шахрдари Горганға» қарсы матч 30 қаңтарда өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады.