«Барыс» жеңісті сериясын жалғастырды
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында «Салават Юлаевты» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матчтың есебі — 2:1. Шайбалардың авторлары — Джейк Масси мен Әлихан Асетов.
Осылайша, қазақстандық команда тұрақты маусымда қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.