Астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикке» қарсы кездесумен жалғастырды, деп хабарлайды Sport+.
Бірінші кезеңде Всеволод Логвин мен Семен Симонов шайба соғып, елордалық команданы 2:0 есебімен алға шығарды.
Алайда алаң иелері есепті өз пайдасына өзгертіп, 4:2 есебімен жігерлі жеңіске қол жеткізді.
Енді «Барыс» келесі кездесуін 1 желтоқсанда Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы өткізеді.
