Астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын СКА командасына қарсы ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу қазақстандық клубтың пайдасына 7:4 есебімен аяқталды. «Барыс» сапында Асанәлі Сәркенов дубль авторы атанды. Сондай-ақ Тайс Томпсон, Джейк Масси, Әлихан Өмірбеков, Самат Данияр және Всеволод Логвин бір-бір шайбадан соқты.

Елордалық команда келесі кездесуін 29 қарашада «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.