«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

«Барыс» хоккей клубы өз мұз айдынында минскілік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Матч есебі 3:1 — беларусьтық команданың пайдасына.
«Барыс» сапындағы жалғыз шайбаны Майк Веччионе соқты.
Келесі матчты «Барыс» тағы да өз алаңында Мәскеудің «Динамосына» қарсы өткізеді.