logo

«Барыс» сырт алаңда «Локомотивті» ойсырата жеңді

«Барыс» сырт алаңда «Локомотивті» ойсырата жеңді

«Барыс» хоккей клубы Ярославльдегі сырт алаңдағы сериясын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+.

«Локомотивке» қарсы өткен матч 4:0 есебімен қазақстандық команда пайдасына аяқталды.

Шайбаларды Әлихан Өмірбеков, Семен Симонов, Аңсар Шайхмедденов және Эмиль Галимов соқты.

Келесі матчын астаналықтар Сочиде аттас клубқа қарсы өткізеді.



Күн шежіресі