«Барыс» сырт алаңда «Амурдан» ірі есеппен жеңілді

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңдағы матчында Хабаровскінің «Амурынан» 0:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.
«Барыстың» бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев мынадай құрамды алаңға шығарды: Маттссон (Бояркин) — Хохлов-Антипин, Сетдіков-Николишин-Жафяров; Кенесбай-Диханбек, Мұратов-Рахманов-Бочаров; Жүсіпбеков-Оразов, Қайыржан-Данияр-Логвин; Гросс-Большедворский, Симонов-Шульга-Ляпунов.
«Амур» ойынның басынан бастап басымдық танытып, бірінші кезеңде екі шайба соқты. Екінші кезеңде есепті ұлғайтты, ал үшінші кезеңде жеңісті 5:0 есебімен түйіндеді.
«Барыс» келесі матчын 4 ақпанда Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өткізеді.