«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-дағы 100-ші ұпайын жинады

«Барыс» клубының шабуылшысы Никита Сетдиков СКА-ға қарсы матчта ҚХЛ-дағы мерейтойлық 100-ші ұпайын тіркеді, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі уақытта Сетдиковтың ҚХЛ-де 285 ойын, 40 гол және 60 нәтижелі пасы бар. Биылғы маусымда ол «Барыс» сапында 7 гол соғып, 6 ассист жасаған.