Қазақстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
Хоккейден IA дивизионы бойынша әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ, ал екінші кезеңде әлем чемпионатындағы алғашқы голдарын алдымен Дінмұхамед Қайыржан, кейін Ансар Шайхмедденов пен Дмитрий Бреус соқты. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер есепті 6:0-ге жеткізді.
Қазақстан — Жапония — 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)
1:0 — 22:11 — Қайыржан (Ғатиятов, Өмірбеков)
2:0 — 27:56 — Шайхмедденов (Ғатиятов)
3:0 — 33:13 — Бреус (Ғатиятов, Әсетов)
4:0 — 53:40 — Әсетов (Данияр, Шестаков) ГБ
5:0 — 55:50 — Старченко (Муратов, Шестаков)
6:0 — 56:26 — Ляпунов (Өмірбеков, Михайлов)
Қақпашылар: Бояркин — Оцука