«Барыс» қазақстандық хоккейшілерге жаңа келісімшарттар ұсынды

«Барыс» келесі ойыншыларға келісімшарт жасау бойынша біліктілік ұсыныстарын жасады, деп хабарлады Sport+.
Бейбарыс Оразов, Арыстан Амырқанов, Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Аслан Жүсіпбеков, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов — екіжақты келісімшарттар (ҚХЛ / PRO LIGASY) екі маусымға ұсынылды;
Жохар Дударкиев, Асанәлі Русланұлы, Семён Симонов, Даниал Шақшақбаев — екіжақты келісімшарттар (ҚХЛ / МХЛ) екі маусымға ұсынылды.