«Барыс» негізгі қақпашысынан айрылды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Барыс» клубының қақпашысы Андрей Шұтов жақын күндері жарақат алған ойыншылар тізіміне ресми түрде енгізіледі, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ағымдағы маусымда Шұтов 16 матч өткізіп, 496 соққыны қайтарды, оның сейв пайызы – 89,4%. Оның алаңнан уақытша кетуі команда үшін ауыр соққы болмақ, әсіресе, «Барыстың» тағы бір қақпашысы – Никита Бояркин Германияда ота жасатып, ем-дом қабылдап жатқанын ескерсек.