Қазақстан жастары Ресейдегі халықаралық турнирде тартысты ойын өткізді
Санкт-Петербургте хоккейден Болашақ Кубогы жалғасуда, Қазақстан жастар құрамасы Ресей командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport+
Қарсылас алғашқы минутта-ақ есеп ашты, алайда Кирилл Ляпунов есепті теңестірді. Көп ұзамай жарыс қожайындары тағы алға шықты, бірақ Мстислав Шипилин соңғы минутта есепті 2:2 көрсеткішіне жеткізді. Дегенмен, ресейліктер жеңіске жетті. Ойынның үздік ойыншысы ретінде Семен Симонов танылды. Голкипер Владимир Никитиннің еңбегін атап өткен жөн, ол 45 шайбаны кері қайтарды.
Ресей U20 – Қазақстан U20 - 3:2 (2:2, 1:0, 0:0)
00:52 - 1:0 – Свищев (Овчинников, Рябов)
10:14 - 1:1 – Ляпунов (Симонов С.)
13:40 - 2:1 – Майстренко (Артемьев, Баклашёв)
19:54 - 2:2 – Шипилин (Русланұлы)
35:14 - 3:2 – Пестерев (Недопёкин, Сураев)
Қақпашылар: Коростелев – Никитин