logo

«Барыс» легионерлердің бірімен келісім шарт уақытын созды

«Барыс» легионерлердің бірімен келісім шарт уақытын созды

«Барыс» Даниил Апальковпен келісім шарт созғанын ресми түрде жариялады.Біржақты келісім бір маусымға, 31 мамыр 2025 жыл мерзіміне жарамды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Апальков командадағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Орталық шабуылшы ҚХЛда 550ден аса матч өткізген. Даниил 2023 жылдың күзінде «Барысқа» келіп, 35 ойын өткізіп үлгерді. Оның еншісінде 6 шайба бар.

Олег Болякин, «Барыстың» бас менеджері:

 - Апальков сенімді ақтады және ҚХЛда әлі ойнай алатынын көрсетті. Осындай мінезі мен қабілеті бар ойыншы «Барысқа» керек. Даниил бір өзі көп жұмысты атқара алады, оған қоса Апальковтың өзіне де Астана ұнайтын сияқты, сол үшін келісімге келу қиынға соқпады.