logo

«Барыс» сырт алаңдағы ойын сериясын жеңіспен бастады

«Барыс» сырт алаңдағы ойын сериясын жеңіспен бастады

«Барыс» хоккей клубы үзілістен кейін сырт алаңдағы серияға аттанып, алғашқы матчта «Автомобилистке» қарсы ойнады, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық команда қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, хоккей сүйер қауымға қуаныш сыйлады.

Ойында екі шайбаны Семен Симонов соқса, сонымен қатар Майк Веччионе және Макс Уиллман көзге түсті.

Келесі ойынын «Барыс» 18 желтоқсанда Мәскеуде «Динамоға» қарсы өткізеді.