logo

«Барселона» – Испания Суперкубогының иегері (видео)

«Барселона» – Испания Суперкубогының иегері (видео)

Сауд Арабиясында Испания Суперкубогының финалы өтті. Онда «Реал» мен «Барселона» кездесіп, матч нәтижесі каталондықтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Sport+.

56-минутта Войцех Щенсны алаңнан қуылғаннан кейін «Барселона» бір ойыншыға кем ойнағанына қарамастан, 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Барселона» сапында Рафинья дубль авторы атанды, ал Ламин Ямаль, Роберт Левандовски және Алехандро Бальде бір-бірден гол соқты.

«Реал» сапында Килиан Мбаппе мен Родриго бір-бір голдан соқты.



Күн шежіресі