logo

«Барселона» Ла Лигада тарихи жетістікке қол жеткізді

«Барселона» Ла Лигада тарихи жетістікке қол жеткізді

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски Испания чемпионатындағы команданың 6500-голын соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Форвард Испания чемпионатының 7-турындағы «Хетафемен» (1:0) ойында гол соқты.

Лигадағы 3 035 матчта 6 500-гол соғылды, бір ойынға орта есеппен 2,14 гол. Осы уақыт ішінде «Барселона» өз қақпасына 3362 гол жіберіп алған. Барселона 6 500 гол соққан алғашқы клуб болды.

Айта кетейік, «Барселона» 21 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.