Бақтиер Зайнутдинов «Ливерпульдің» бұрынғы футболшысымен достығы туралы айтты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында қай футболшымен жиі араласатыны туралы айтты, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Бәрімен жақсы қарым-қатынас ұстауға тырысамын. Десе де клуб массажистерімен достасып кеттім. Барбекюға жиі шақырып тұрады. Керемет жігіттер. Ал ойыншылармен араласу туралы айтсақ, мұнда кез келгеніне оңай барып сөйлесе аласың, бәрі ашық. Тіпті Иммобиле немесе Окслейд-Чемберлен де жай ғана сөйлеседі. Мысалы, Алекс Окслейд-Чемберленмен «Ливерпульдегі» кезеңі туралы сөйлестім. Маған ол жақта қалпына келу процесі қалай өтетіні, дұрыс тамақтану және басқа да ұсақ-түйектер қызық болды. Айтпақшы, Алекс екеуміздің тағы бір қызық оқиғамыз болды. Мен жарақат алып қалдым, сонда ол өзі қасыма келіп, көмек ұсынды. Жеке физиотерапевті бар екенін, оның маған кеңес беріп, көмектесе алатынын айтты. Бұл мені қатты таңғалдырды, — деді «Бешикташтің» әнбебап футболшысы.