logo

Балауса Мұздиман ММА-ға ауысу жоспары туралы

Балауса Мұздиман ММА-ға ауысу жоспары туралы

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздиман Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында ММА-ға ауысу жоспары туралы сұраққа жауап берді.

- ММА-ға ауысу жоспарымда жоқ. Менің спортым – классикалық бокс. Алдағы уақытта әлемдік төрт белбеуді жинап, Қазақстанның атын әлемдік аренада шығару жоспарда бар. Бұдан бөлек шетелде лагерь өткім келеді, - деді Балауса.

Мұздиман жеті жыл үзілістен кейін кәсіпқой боксқа қайта оралды. Алдағы жоспарлары, жекпе-жектерін үзбей қарайтын үздік боксшылары және бокстағы қаламақы туралы спортшының пікірін біздің YouTube-арнамыздағы сұхбаттан көруге болады.