«Байер» овертаймда «Кельнді» жеңді (видео)

Ливеркузендік «Байер» Германия кубогының ширек финалында «Кельннен» басым болды, деп хабарлайды Sport+
Леверкузендегі кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Кубоктың қазіргі иегерлері жартылай финалға тек овертаймда соғылған голының арқасында шыға алды.
«Байер» сапында Патрик Шик дубль жасады, тағы бір голжы Виктор Бонифас соқты. «Кельн» құрамында Дэмион Даунс пен Линтон Маина соғылған голдармен ерекшеленді.