Байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі
8 мамырда Сегедте (Венгрия) байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ірі халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей:
Байдаркамен есу: Бекарыс Раматулла, Игорь Ряшенцев, Сергей Токарницкий, Дмитрий Холмогоров, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева.
Каноэмен есу: Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Руфина Искакова, Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева, Полат Түребеков.
Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінде Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу барысында есепке алынатын рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Дүбірлі дода 10 мамырда аяқталады.