Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.