logo

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде Виктор Друзин ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші сатыға тұрақтады.

Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин алтын медаль жеңіп алды — 245.6850. Екінші орынға қытайлық Муе Го жайғасты — 245.2684.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 3 мамырға дейін жалғасады.



Күн шежіресі