Бабаян команда үшін қарбалас уақыт жайында айтты
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян матчтан кейінгі баспасөз-маслихатында қазіргі тығыз жұмыс кестесі жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Sport+ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
«16 қазан «Шахтермен» ойнадық, үш күннен соң Семейге барып, «Елімаймен» кездестік. 21 қазан Алматыға келіп, ертеңіне Англияға ұшып кеттік. Бір жаттығу өткізіп, 24 қазан «Нью-Сэйнтспен» ойнадық. Алматы арқылы 26-қазан осында келдік. Өзгеріссіз болмайды. Шетелде әлдеқайда жақсы ойнағымыз келді, бірақ ойлағанымыздай болмады. Алдағы уақытта да дәл осындай тығыз жұмыс кестесі күтіп тұр», — деді Бабаян.