Азия ойындары-2026: Паделден Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы
Қазақстан Падел федерациясы 2026 жылы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамын таныстырды, деп хабарлайды Sport+.
Азиядағы төрт жылдық спорттық циклдің басты додасында Қазақстан намысын сегіз спортшы — ерлер арасындағы екі және әйелдер арасындағы екі жұп қорғайды.
Ерлер:
Бірінші жұп — Евгений Данилов / Тимур Хабибулин
Екінші жұп — Родион Пак / Жакас Козбак
Әйелдер:
Бірінші жұп — Альбина Хабибулина / Мария Синицына
Екінші жұп — Айгерим Сулеймен / Татьяна Гиоргадзе
XX Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Падел жарыстары 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығына жоспарланған.
2026 жылы падел алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына медальдар сарапқа салынатын спорт түрі ретінде енгізіледі. Бұл шешім құрлықтағы падел спортының дамуы жолындағы маңызды қадам болды.
2026 жылғы 6 наурызда Халықаралық падел федерациясы (FIP) Азия Олимпиада кеңесімен (OCA) және Айти–Нагоя-2026 Азия ойындарын ұйымдастыру комитетімен (AINAGOC) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын жариялады. Құжат паделдің медальдық спорт түрі ретіндегі мәртебесін ресми түрде бекітіп, Азия ойындарындағы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарын айқындады.