Ахметовтың Алматыдағы турнирдегі қарсыласы жекпе-жектен шығып қалды
17 шілдеде Алматыда өтетін ACA 205 турнирінде ресейлік Имран Букуев пен қазақстандық Қайрат Ахметов арасында өтуі тиіс жекпе-жек болмайтын болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, Имран Букуев мұрнын сындырып алғандықтан, Алматыдағы жекпе-жекке қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.
Әзірге Қайрат Ахметовтің жаңа қарсыласы жарияланған жоқ.