Саламат Исбулаев алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді
PFL лигасында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Саламат Исбулаев кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Бүгін мен үшін ерекше күн болды. Нәтиже қандай болса да, мен осы жолдың бір бөлшегі болғаныма және шын жүректен сүйетін ісіммен айналысып жүргеніме қуаныштымын.
Әрбір жекпе-жекке шығу — өз-өзіңді жеңу, жаңа эмоциялар мен баға жетпес тәжірибе. Маған қолдау көрсетіп, жанымнан табылған баршаңызға алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңызды әр сәт сайын сезіндім.
Алға қарай жылжимыз, күшейе түсеміз және өз тарихымызды жазуды жалғастырамыз. Ең қызықты сәттер әлі алда!», — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.