Бекзат Алмахан UFC-дегі үшінші жеңілісіне ұшырады

Бекзат Алмахан UFC-дегі үшінші жеңілісіне ұшырады

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізді.

Ол бразилиялық Жан Мацумотомен кездесіп, үш раундқа созылған тартысты айқаста төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Алмаханның кәсіби рекорды 12 жеңіс, 4 жеңіліс, ал UFC-дегі көрсеткіші 1 жеңіс, 3 жеңіліс болды.

Бұл – қазақстандық спортшының UFC-дегі қатарынан екінші жеңілісі.