Александр Бублик: Басты мақсат – рейтинг деңгейінде қалу
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында жаңа маусымға қойған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Sport+:
«Әрдайым бәрін жақсарту керек. Біз күн сайын ойын мен соққыларымызды жетілдіруге тырысамыз. Теннисшілердің бәрі жаттығып, үнемі дамуда. Көпшілігі маусымға жаңа әдістермен кіреді. Сондықтан үнемі бейімделу, теннисті жақсарту маңызды.
Рейтингке келер болсақ, егер маусымды қазіргі деңгейде аяқтасам, бұл жақсы. Егер жоғарырақ болса – тамаша. Ал топ-15-ке енер болсам – бұл керемет жетістік болар еді. Дегенмен, мен үшін теннис – тұрақтылық спорты. Әр жылы нәтижеңді дәлелдеп, осы деңгейде ойнауға лайық екеніңді көрсету керек. Мен үшін бастысы – қазіргі рейтинг деңгейінде қалып, бір қадам алға басу. Биыл 17-орында болдым, бірақ позициямды ұстай алмадым. Қателермен жұмыс істедік, енді алдымен сол деңгейге қайта оралып, оны сақтап қалуға тырысамыз».