Анна Данилина Окленд қаласындағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина словакиялық Виктория Гончаровамен жұптасып, Оклендтегі ASB Classic турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Финалда қазақстандық және словакиялық теннисшілерден құрылған жұп Мари Бузкова және Бетани Маттек-Сандтытан тұратын жұпты 6:3, 6:7, 10:8 есебімен жеңді.
Бұл нәтиже Данилинаның жұптық мансабындағы бесінші жеңісі болды.
Аталмыш жарыстың жүлде қоры 267,082 доллардан тұрады.