logo

Аугуст Хольмгрин Бубликпен матчы туралы: Бұл мүлде басқа ойын болады, бірақ мен өзіме сенімдімін

Аугуст Хольмгрин Бубликпен матчы туралы: Бұл мүлде басқа ойын болады, бірақ мен өзіме сенімдімін

Дэвис Кубогының бірінші күнінде Александр Шевченконы жеңген даниялық теннисші Аугуст Хольмгрин Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бубликке қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мен өзіме сенуді жалғастырудамын, біз бірқалыпты деңгейде ойнадық. Мүмкіндігім болатынын білдім және оны пайдаландым. Бұндай жағдай теннисте болады, ойынның жай ғана ньюанстары бәрін өзгерте алады, бүгінде бұл ньюанстар менің жағымда болды. Бубликпен матч? Біз ертеңгі стратегияны командамен талқылаймыз, әзірше жоспар жоқ. Әрине, біз Элмер Меллердің Бубликпен ойынын көреміз және өз стратегиямызды талқылаймыз. Әр матч ерекше, мен бүгін жеңіске жеттік деп қанағат болмаймын. Ертең жаңа ойындар болады, бірақ мен өзіме сенімдімін, өз ойынымды ұстанамын және өз мүмкіндігімді пайдалануға тырысамын», - деді А. Хольмгрин.

Әзірше Қазақстан — Дания матчындағы есеп 0:2. Ертең жұптық кездесу және екі жеке ойындар өтеді.



Күн шежіресі