logo

«Астана» ойыншысы Конференциялар Лигасының үздік бестігіне кірді

«Астана» ойыншысы Конференциялар Лигасының үздік бестігіне кірді

«Астана» командасының қорғаушысы Александр Марочкин Конференциялар Лигасының өткен турында доп иеленуді қайтару бойынша бесінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Конференциялар Лигасының алғашқы туры Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «Астана» сербиялық «Бачки-Топола» клубын 1:0 есебімен жеңді.

Марочкин доп иеленуді 11 рет қайтару арқылы бесінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Григорий Бабаян шәкірттерінің келесі ойыны валлийлік «Нью-Сэйнтс» клубымен болады. Ойын 24-ші мен 25-ші қазан аралығындағы түнде Англияның Шрусбери қаласында өтеді.



Күн шежіресі